БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15070 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 қыркүйектегі «Егемен Қазақстан» № 371 (26214) газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
«10) айырбасталмайтын операциялар - айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;»;
«3-мемориалды ордер - 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості;
жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;»;
«Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларында - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданыла отырып, және онсыз мемлекеттік мекеменің міндеттемелері (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелер) бойынша шығыстар жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, төлеуге берілетін шот, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Бюджетті атқару ережелері) белгіленген басқа да құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленеді, тігінделеді және тігіледі.»;
«46. Мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (әрі қарай – банк) арқылы алу Бюджетті атқару ережелерінде анықталған тәртіппен жүргізіледі.»;
«53. 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы ескеріледі.
Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық көмектен түскен сомаға 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты дебеттеледі және 6050 «Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» қосалқы шоты кредиттеледі.
Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін жеткізушілерге филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен алынатын қаражатты аудару кезінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті бойынша және 1041 «Қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.»;
«55. Бұдан басқа 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында түзеу мекемелерiнiң сотталғандары орындаған жұмыстар үшiн түскен ақша, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын тұлғаларға, сот шешімімен еңбекке қабілетсіз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар көрсетiледi.»;
Полная версия

