Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6443 болып енгізілді.
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2010 жылғы 3 тамыздағы
 № 393 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
1-тарау. Жалпы ереже
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.07.2020 жылғы № 684 Бұйрығына сәйкес (27.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрлігінің 03.05.2017 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес (29.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
2. Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды осы қағидаларда көзделген есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сәйкес жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығына сәйкес (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 24.07.2012 № 348 Бұйрығымен (03.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі)3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 жылғы № 577 Бұйрығымен (30.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 22.12.2015 жылы тіркелді
3-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.03.2017 жылғы № 195 Бұйрығына сәйкес (10.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 27.04.2017 жылы тіркелді
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.05.2023 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес (06.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.04.2024 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (04.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.04.2024 жылдан бастап)
1) ағымдағы қалпына келтіру құны – есептілік күніне активті сатып алу нәтижесінде мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар;
2) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, көрсетілетін қызметтер немесе қолдануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
3) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
4) активтер – болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар;
5) активтi алмастыру құны – активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн;
6) активтiң құнсыздануы – амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар;
Полная версия
ИС BestProfi