Близость слов: Окончание:





Коллекторлық қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VI Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 21.12.2024, 01.05.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек (бұдан әрі - берешек) - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша борышкердің кредитор алдындағы негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу жөніндегі міндеттемелері;
2) борышкер - банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол берген жеке немесе заңды тұлға;
3) есептік тіркеу - коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу;
4) коллекторлық агенттік - коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
5) коллекторлық агенттіктер тізілімі - коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның коллекторлық агенттіктерінің бірыңғай тізбесі;
6) коллекторлық қызмет - коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі;
7) коллекторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) сервистік компания – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 № 133-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде коллекторлық агенттіктерге «Шаруашылық серіктестіктері туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. КОЛЛЕКТОРЛЫҚ АГЕНТТІКТІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Полная версия
ИС BestProfi