Близость слов: Окончание:





Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15090 болып тіркелді
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрініңорынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығыминистрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173
 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдарды ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығының 6-тармағына сәйкес пилоттық режимде 1-тармақша қолданысқа енгізілген Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңмен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
3) жайылымдарда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарлары) – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;
4) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;
5) жайылымдарды пайдаланушы – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
5-1) Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш және әуе кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау және өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;
2-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына арналған жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен молығуы сақталатындай жағдайда пайдалану;
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
2-1. Жайылымдардың ұтымды пайдаланылуын анықтау үшін «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) сәйкес белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу деректері пайдаланылады.
Осы Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жайылымдарды ұтымды пайдалану мынадай іс-шараларды қамтиды:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жайылымдарды жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып пайдалану;
2) «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) қамтамасыз ету;
3) жайылымдарды күнтізбелік графикті ескере отырып пайдалану;
4) жайылымдардың шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау, жерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу.
2-тарау. Жайылымдарды ұтымды пайдалану тәртібі
4. Жайылымдарды пайдалану кезінде жайылымды пайдаланушы жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын дербес қамтамасыз етеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жүктеме нормасын қамтамасыз ету мақсатында жайылым пайдаланушының пайдалануындағы ауыл шаруашылығы жануарларының басы, жайылымдардың оты-суының молдығы туралы деректер пайдаланылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша Жерді қашықтықтан зондтауды жүргізу сәтіндегі деректер қабылданады.
6. Жайылымдарды ұтымды пайдалану ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлармен реттеледі.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.05.2024 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Жайылымдардың оты-суының молдығының төмендеуіне жол бермеу мақсатында мынадай іс-шаралар көзделеді:
жайылым алқаптары алаңдарын жекелеген өрістік учаскелерге бөлу;
жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;
жыл сайын жайылым айналымы учаскелерінің бірін өріссіз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз қалдырып отыру.
8. Республиканың табиғи және шаруашылық жағдайларына байланысты жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың мынадай жүйесі пайдаланылады: жайылымдарды шалғайда және жыл бойы пайдалану.
Өсіру аймағына байланысты шалғайдағы жүйе жағдайында ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста толыққанды азықтандыруда ұстауда болады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты жайылым пайдаланушылар жайылымды жыл бойына пайдаланады. Қолайсыз ауа-райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті ірі азық қоры жасалады.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығымен (24.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi