Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.04.2017
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 5-4/368 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР  Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.04.2017 жылғы № 179 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ереженің 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 11-1-2/65 бұйрығымен бекітілген Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары тізбесінің 9-бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы бекітілсін.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 5-4/365 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 5-4/368 бұйрығымен
бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық
комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші
комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының)
қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамы

Қазақстан-армян сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

Ермек Беделбайұлы Көшербаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

 

Қазақстан-молдова экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия

Сапархан Кесікбайұлы Омаров - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

 

Қазақстан-ресей трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі комиссия

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

 

Қазақстан-қытай трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссия

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

 

Қазақстан-қырғыз Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланымдағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі комиссия

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Полная версия
ИС BestProfi