Близость слов: Окончание:





Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығы
Редакция 13.10.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери, арнаулы атақтарын, сыныптық шендерін және біліктілік сыныптарын беруді реттеу мақсатында, "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің 2017 жылғы
 5 мамырдағы № 470
 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН 
Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2017 жылғы № 560 Жарлығымен (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 13.10.2017 жылғы № 563 Жарлығымен (10.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)



Р/с






 



Лауазым атауы


 



Әскери атақ, арнаулы атақ, сыныптық шен, біліктілік сынып


 



1



2



3



1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі


 



1.



Министр



армия генералы



2.



Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштер Бас штабының бастығы



генерал-полковник



3.


Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететінді қоспағанда)



генерал-лейтенант



4.



Бас штаб бастығының бірінші орынбасары



генерал-лейтенант



5.



Бас штаб бастығының орынбасары



генерал-майор



6.



Бас инспекция бастығы



генерал-лейтенант



7.



Қарулы Күштер түрінің бас қолбасшысы



генерал-лейтенант, вице-адмирал



8.



Бас барлау басқармасының бастығы



генерал-лейтенант



9.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы



генерал-лейтенант



10.



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы



генерал-майор



11.



Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы



генерал-майор



12.



Кадрлар департаментінің бастығы



генерал-майор



13.



Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы



генерал-майор



14.



Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы



генерал-майор



15.



Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы



генерал-майор



16.



Орталық командалық пункт бастығы



генерал-майор



17.



Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары



генерал-майор



18.



Бас штаб бастығы - Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының бірінші орынбасары



генерал-майор, контр-адмирал



19.



Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ Бас штабының бастығы



генерал-майор



20.



Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының орынбасары (Әскери-теңіз күштерін қоспағанда)



генерал-майор



21.



Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің, әскер тегінің қолбасшысы



генерал-майор



22.



Штаб бастығы - әскер тегі, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары ("Астана" өңірлік қолбасшылығын және зымыран әскерлері мен артиллерияны қоспағанда)



генерал-майор



23.



"Шығыс", "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтары әскерлері қолбасшысының тыл және қару-жарақ жөніндегі орынбасары



генерал-майор



24.



Әскери полиция бас басқармасының бастығы



генерал-майор



25.



Әскери институт бастығы



генерал-майор



2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті



1.



Төраға



ұлттық қауіпсіздік генерал-полковнигі



2.



Төрағаның бірінші орынбасары



ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты



3.



Төрағаның орынбасары



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



4.



Төрағаның орынбасары - Шекара қызметінің директоры



генерал-лейтенант



5.



Төрағаның орынбасары - "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры



ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты



6.



Төрағаның орынбасары - Қарсы барлау қызметінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты



7.



Төрағаның орынбасары - Терроризмге қарсы қызмет бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты



8.



Төрағаның орынбасары - Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



9.



Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



10.



Үкіметтік байланыс қызметінің директоры



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



11.



Қарсы барлау қызметі Қарсы барлау операциялары департаментінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



12.



Терроризмге қарсы қызмет Халықаралық терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес департаментінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



13.



Терроризмге қарсы қызмет Конституциялық құрылысты қорғау департаментінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



14.



Экономикалық қауіпсіздік қызметі Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



15.



Әскери қарсы барлау департаментінің бастығы



генерал-майор



16.



Стратегиялық жоспарлау, бақылау және аудит департаментінің бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



17.



Академия бастығы



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



18.



Шекара қызметі академиясының бастығы



генерал-майор



19.



Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттердің бастықтары



ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры



20.



Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы



генерал-майор



21.



Шекара қызметі директорының орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететінді қоспағанда)



генерал-майор



22.



Шекара қызметі өңірлік басқармасының бастығы



генерал-майор, контр-адмирал



3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі


 



1.



Министр



полиция генерал-полковнигі



2.



Министрдің бірінші орынбасары



полиция генерал-лейтенанты



3.



Министрдің орынбасары



полиция генерал-майоры



4.



Ұлттық ұланның бас қолбасшысы



генерал-лейтенант



5.



Ұлттық ұлан бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы



генерал-майор



6.



Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары



генерал-майор



7.



Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы



генерал-майор



8.



Өңірлік қолбасшылық қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы



генерал-майор



9.



Ұлттық ұлан әскери институтының бастығы



генерал-майор



10.



Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы



полиция генерал-майоры



11.



Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы



полиция генерал-майоры



12.



Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы



әділет генерал-майоры



13.



Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы



генерал-майор



14.



Криминалдық полиция, тергеу департаменттерінің бастықтары



полиция генерал-майоры



15.



Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары, көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары



полиция генерал-майоры



16.



Академия бастығы



полиция генерал-майоры



4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы


 



1.


Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры


жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



2.


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары



1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



3.


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары



2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



4.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі - Академия) ректоры



2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



5.


Бас әскери прокурор



әділет генерал-лейтенанты



6.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы



3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



7.


Академияның бірінші проректоры



3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



8.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының: қылмыстық қудалау;

заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі;

қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі;

сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі бастығы



3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



9.


Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары, Бас көлік прокуроры



3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі



5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі


 



1.



Құпия






 



2.



Құпия






 



3.



Құпия






 



4.



Құпия






 



5.



Құпия






 



6. Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі


 



1.



Қызмет директоры



сыртқы барлау генерал-лейтенанты



2.



Қызмет директорының бірінші орынбасары



сыртқы барлау генерал-майоры



3.



Қызмет директорының орынбасары



сыртқы барлау генерал-майоры



4.



Құпия






 



5.



Құпия






 



7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)


 



1.



Ұлттық бюро басшысы



3-санатты жоғары біліктілік сыныбы



2.



Ұлттық бюро басшысының орынбасары



3-санатты жоғары біліктілік сыныбы

 

 

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 470 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі
1. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу" және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қарашадағы № 492 Жарлығының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 23 қазандағы № 710 Жарлығының 1-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1094 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат).
4. "Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 1184 Жарлығының 1-тармағы.
5. "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1565 Жарлығы.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 2 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 3 тамыздағы № 373 Жарлығы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 787 Жарлығы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 33 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 388-құжат).
9. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 318 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 666-құжат).
10. "Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 561 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-құжат).
11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 279-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 853 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 434-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
15. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 94 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
16. "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 231 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 112-құжат).
18. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 373 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Полная версия
ИС BestProfi