Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10335 тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 25.12.2024 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (14.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 22.08.2025 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес (29.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 жылғы № 233 Бұйрығымен (19.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 жылғы № 513 Бұйрығымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.05.2020 жылғы № 438 Бұйрығына сәйкес (03.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) азаматтардың Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.09.2023 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (29.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) алғашқы көмек - бұл адамның өмірін сақтап қалуға, шұғыл жағдайлар кезинде асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ оқиға орнында зардап шекен адамның өзі ( өзіне-өзі көмек) немесе жқын маңдағы басқа адам (өзара көмек) жүргизетін шұғыл жағдай кезінде зардап шекен адамның денсаулығы мен өмірине төнетин қатерді төмендету махсатында медицина қызметкерлері келгенге дейин шұғыл базалық ис-шаралар кешени;
3) «Александротвың ұшы» құтқару құралы-суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге арналған құрал, ол ұзындығы шамамен 30 метр, диаметр 40 сантиметр илмегі және екі қал қымасы бар жүзбелі балшық болып табылады;