«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабы 2-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 30.03.2018
Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 ж. № 270 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы «__» __________ № ___ бұйрығына 1-қосымша
Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабы 2-2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар:
1) электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың нысанын (бұдан әрі - электрондық шот-фактура (ЭШФ);
2) ЭШФ жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібін;
3) ЭШФ куәландыру тәртібін;
4) түзетілген, қосымша ЭШФ алынғанын растау ерекшелігін;
Полная версия