«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15180 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген
Сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасы органдарында сот сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және сот сараптамалары органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастырудың және жүргізудің шарттарын, сондай-ақ тәртібін айқындайды.
2. Сот сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.
3. Зерттеулер заңды және жеке тұлғалардың жазбаша сұранысы бойынша ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.
4. Сараптаманы тағайындаудың негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
2- тарау. Сот сараптамаларын жүргізу және ұйымдастыру
5. Сараптаманы тағайындаған орган (адам) сараптама объектілері мен сараптамалық зерттеулерді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті өзге де материалдарды аумақтық бөлімшенің басшысына ұсынады, олар дәл сол күні Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №305 бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидасына (бұдан әрі – №305 Қағида) (норматитвтік құықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14958 тіркелген) 1, 5-10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.
Полная версия