Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15165 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
порталда:
2-тармақшаның бесінші абзацы қолданысқа енгізіледі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) банктік шотты ашып және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырып (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда), осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді;
2-тармақшаның алтыншы абзацы қолданысқа енгізіледі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы және банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) осы Стандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді;
орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) өтініш береді.»;
1,5,6,7,8,9-қосымшалар осы бұйрыққа 6-11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-1-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«Шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, тұлғаны нотариат куәландыруға тиіс.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Полная версия
ИС BestProfi