Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
«Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасының 1-тармағы 6) тармақшасының қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 маусымда № 15198 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес  
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) 3-қосымшасының 1-тармағы 6) тармақшасының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
 ______________ Д. Абаев
 2017 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 19 мамыр
Полная версия
ИС BestProfi