Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15175 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар;
2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар
Осы Талаптар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 89-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.01.2025 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (06.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.08.2025 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес (22.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) алаң секторы - Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;