Близость слов: Окончание:





Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 мамырда № 15175 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар;
2) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы «27» наурыздағы
№ 54 қаулысына
1-қосымша
Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар
Осы Талаптар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 104 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) алаң секторы - Талаптарға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген) қор биржасының ресми тізімі алаңының бөлігі;
Полная версия
ИС BestProfi