Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2020
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 маусымда № 15217 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-39/2020 Бұйрығына сәйкес         
Редакция 02.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.09.2017 жылғы № 695 Бұйрығымен (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (14.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л. Ақтаева
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
 ___________________ Д. Абаев
2017 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ___________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған);
2. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13303 болып тіркелген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған);
3. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 291 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14046 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 тамызда жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi