Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2020
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 маусымда № 15239 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.04.2020 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 24 мамыр
№ 294 бұйрығымен
бекітілген
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қаупсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi