Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының Тұжырымдама жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы 27 қазандағы № 11055 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасын қарап келесіні хабарлайды.
1. Тұжырымдамада орындаушы-ұйымның меншік түріне және қаржыландыру көздерінің түрлеріне тәуелсіз ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, және оларды орындау бойынша есеп берулерді,  оның ішінде халықаралық жобалар мен бағдарламаларды міндетті мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру, сондай-ақ есепке алудың нәтижелері бойынша ғылыми зерттеулердің жағдайына талдау мен мониторингті жүзеге асыру ұсынылады.
Жекеменшік субъектілерге қатысты бұл норманың, оны сақтамағаны үшін жауапкершілік белгілеместен, міндетті сипатта болатындығын көздейді.
Оны реттеудегі ауытқушылыққа жол бермеу мақсатында кез келген императивтік норма нақты бір жауапкершіліктің бар болуын көздейтіндігін айта кету керек. Қандай да бір санкциялардың болмауы кез келген құқық нормасын  күні бұрын жарамсыз етеді.  
Заң шығару практикасы заңнаманың сапасын арттыру және тиімсіз нормаларды азайту жолына түскен уақытта тағы да бір жұмыс істемейтін норма қажет пе деген сұрақ туындайды.
2. Тұжырымдамада тиімсіз пайдаланылған, нысаналы мақсатқа пайдаланылмаған немесе бюджет заңнамасын бұза отырып пайдаланылған ақша қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша міндеттемені қоса алғанда, тараптардың – мемлекеттік тапсырыс берушінің, жоба мен бағдарламаларды орындаушының жауапкершіліктерін көздеу ұсынылады.
Тапсырыс беруші мен орындаушының арасында азаматтық заңнаманың нормаларымен реттелетін қызметтерді көрсету шарты - жобаны іске асыру шарты жасалатынын айта кету керек. Тараптардың қатынастары тек шарттық сипатта болатындықтан, талаптардың орындалмауы үшін жауапкершілік те тек азаматтық-құқықтық сипатта белгілене алады.
Тұжырымдаманың ережелерімен адал емес тұлғаларға қатысты жауапкершіліктің қандай түрлері мен шараларын енгізу жоспарланатындығы ашылмағандықтан, осындай жаңа енгізілімнің құқыққа сай келетіндігін және қажеттілігін бағалау қиын.
3. Заң жобасында «]]» ҚР Заңының шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар «Инновациялық технологиялар паркі» автономиялық кластерлік қорының жобаларын қаржыландыруға (жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық жиынтық табысының 1%-нан бастап) бағыттаған қаражаттарынан ҒТҚН коммерцияландыруға шығумен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды белгілеу көзделеді.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және (немесе) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті екендіктерін айта кету қажет.
Бұл ретте, «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заңына сәйкес, инновациялық кластердің жұмыс істеуі мақсаттарының бірі оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету болып табылады. Осылайша, қолданыстағы нормалармен жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары, оның ішінде технологияларды коммерцияландыруға да бөлінетіні көзделген («ИТП» инновациялық кластері туралы» ҚР Заңының 3-бабы).
Материалдық ресурстарды пайдалану бірінші кезекте салым салушылардың өздерінің мүдделерін қанағаттандыруға бағытталуы тиістігін назарға ала отырып, осы мәселе бойынша бірыңғай позицияны әзірлеу және келісімге келген жағдайда, қаражатты бөлудің мөлдір тетігін бекіту үшін, осы норманың барлық мүдделі тұлғалармен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдерімен кең талқылануын қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеуінің себептерін негіздей отырып, жауап жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi