Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15266 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 жылғы № 1286 Бұйрығына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 жылғы № 140 Бұйрығына сәйкес (18.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 жылғы № 1286 Бұйрығына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.
1-трамақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 жылғы № 1286 Бұйрығына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 11.12.2024 жылғы № 822 Бұйрығымен (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (26.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 жылғы № 1286 Бұйрығына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабы 2-тармағына және 120-3-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 жылғы № 140 Бұйрығына сәйкес (18.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 жылғы № 1286 Бұйрығына сәйкес (23.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
3) жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;