Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 маусымда № 15284 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1.«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
«7-1. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын күнделікті есепке алу үшін аумақтық қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға электрондық тасығыштарда тиісті жергілікті бюджет бойынша жиынтықта 5-34А «Ақылы қызметтер, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және мемлекеттік сатып алу шоттарындағы (пилоттық жобасы) қалдықтары туралы есеп» нысанын ұсынады.»;
«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолма-қол бақылау шотының толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор), кеден одағының ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарын, мемлекеттік сатып алу шоттарын (пилоттық жобасы), соманы анықтауға дейінгі шотты есепке алуға арналған);
осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергілікті бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердің түсімдері мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетінің балансы;
осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы;
осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекеттің кепілгерлері бойынша қарыздары туралы есеп;
осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттік сыртқы қарыздар және байланысты гранттар бойынша есеп;
Полная версия
ИС BestProfi