1. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 санымен тіркелген) сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрі-қызмет беруші) көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 09.02.2019
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2019 жылғы 9 ақпаннан бастап ҚР Бас Прокурорының 22.01.2019 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жүзеге асырылады:
1) коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (болмаса) қағаз тасымалдағышта.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 79 бабына сәйкес, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасының нысанына сәйкес.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметте қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің және Мемлекеттік корпорацияның іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетiлетiн қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттарының (бұдан әрі – құжаттар) болуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүргізудің іс-әрекетінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының қызмет алушының, сонымен бірге қызмет алушының өкілінің деректерін сенімхат бойынша сұрау нысанына енгізуі (нотариат бекіткен сенімхат бойынша ғана), кәмелеттік жасқа толмаған қызмет алушының заңды өкілі болған жағдайда, қосымша заңды өкілдің деректерінің енгізілуі – 1 минут;
«электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің (егер қызмет алушы кәмелеттік жасқа толмаса) деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) – қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрау салу – 1 минутта;
ЖТ МДҚ қызметті алушының деректерінің болуын, БНАЖ сенімхат деректерінің болуын тексеру – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландыру (қол қою) – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының ЭҮШ арқылы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты өңдеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ) жолдауы – 1 минут;
электрондық құжатты тіркеу және ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ сұрауды өңдеу – 30 секунд;
Полная версия

