Близость слов: Окончание:





Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы
ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес бүкіл мәтін бойынша «оралмандар», «оралмандардың» және «оралмандарды» деген сөздер тиісінше «қандастар», «қандастардың» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылды (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – осы Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2017 жылғы № 80-VІ Заңына сәйкес (22.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы № 125 (28504) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2018 жылғы № 211-VІ Заңына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.06.2021 жылғы № 52-VII Заңы​на сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
6) денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу – медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, таңдау, шартын жасасу және орындау;
7) жарналар – осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
7-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.06.2017 жылғы № 80-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы № 125 (28504) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2) инвестициялық кіріс – қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көріністегі өсімі;
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) қордың активтері – қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2017 жылғы № 80-VІ Заңына сәйкес (22.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы № 125 (28504) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі – біріккен комиссия) – клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау үшін құрылатын уәкілетті органның жанындағы консультациялық-кеңесші орган;
10) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
10-тармақша өзгертілді ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi