1. «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12700 болып тіркелген, 2016 жылдың 15 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2018
«Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15305 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 12 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 ж. № 76 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге және ресми жариялауға «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электронды және қағаз түрінде оның көшірмесін осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жолдауды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _____________ Н. Айдапкелов 2017 жылғы 1 маусым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №248 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығымен бекітілген
Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары
1 Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Акциздік бекеттердің өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:
Полная версия