Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 170 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 15303 болып тіркелді
Редакция 04.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (17.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларында:
«3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;»;
«6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңес органы;»;
«8) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;»;
«4. Сорттық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгiсі өткен жылдың не ағымдағы жылдың өнімінен iрiктеледі және онымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымға арналған аттестат немесе куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификат бірге жүреді.»;
«15. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу кемінде екі вегетациялық кезеңде жүргізіледі.
Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.
Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.»;
Полная версия
ИС BestProfi