Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15386 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 247 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6587 болып тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылы 9 қараша № 461-468 (26311) жарияланған);
2) «Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 25 қазандағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7294 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылы 9 желтоқсанда № 182 (1998) жарияланған).
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 247 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттк қызметін көрсету тәртібін айқындайды.