Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 15396 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін көшірмесін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі ________________Ж. Қасымбек 29 маусым 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________Т. Сүлейменов 30 маусым 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусым № 222 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесі
№ |
Өнім |
Өнімнің өлшем бірлігі |
Өнім түрлері бойынша парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті |
1. |
Электр энергиясы (қолданылатын отын түрі – көмір) |
тСО 2 /Мвт-сағ |
0,985 |
2. |
Жылу энергиясы (қолданылатын отын түрі – көмір) |
тСО2/Гкал |
0,484 |
3. |
Электр энергиясы (басқа отын түрлері) |
тСО 2 /Мвт-сағ |
0,621 |
4. |
Жылу энергиясы (басқа отын түрлері) |
тСО 2 /Гкал |
0,310 |
5. |
Мұнай өнімдері |
тСО 2 /тонна |
0,181 |
6. |
Мұнай коксы* |
тСО 2 /тонна |
0,689 |
7. |
Техникалық күкірт |
тСО 2 /тонна |
0,243 |
8. |
Мұнай және газ (тасымалдау) |
тСО 2 /ТДж |
56,72 |
9. |
Мұнай және газ (өндіру) |
тСО 2 /тонна |
0,065 |
10. |
Цемент (клинкер) |
тСО 2 /тонна |
0,961 |
11. |
Аммиак |
тСО 2 /тонна |
1,800 |
12. |
Кокс |
тСО 2 /тонна |
0,482 |
13. |
Агломерат |
тСО 2 /тонна |
0,307 |
14. |
Фосфор |
тСО 2 /тонна |
4,065 |
15. |
Натрий триполифосфаты |
тСО 2 /тонна |
0,734 |
16. |
Сұйық шойын |
тСО 2 /тонна |
1,877 |
17. |
Көміртекті болат |
тСО 2 /тонна |
0,161 |
18. |
Алюминий |
тСО 2 /тонна |
1,492 |
19. |
Күйдірілген анод |
тСО 2 /тонна |
0,397 |
20. |
Мыс |
тСО 2 /тонна |
0,618 |
21. |
Күкірт қышқылы |
тСО 2 /тонна |
0,008 |
22. |
Аммофос |
тСО 2 /тонна |
0,248 |
23. |
Азықтық трикальцийфосфат |
тСО 2 /тонна |
1,116 |
24. |
Натрий монохроматы |
тСО 2 /тонна |
1,832 |
25. |
Металлургиялық хром тотығы |
тСО 2 /тонна |
1,480 |
26. |
Пигментті хром тотығы |
тСО 2 /тонна |
1,504 |
27. |
Хром сульфаты |
тСО 2 /тонна |
0,093 |
28. |
Мырыш сульфаты |
тСО 2 /тонна |
1,094 |
29. |
Вельцвозгондар |
тСО 2 /тонна |
5,730 |
30. |
Хромдық ангидрид |
тСО 2 /тонна |
0,214 |
31. |
Ферроқорытпалар |
тСО 2 /тонна |
1,695 |
32. |
Кальций карбиді |
тСО 2/ тонна |
0,105 |
33. |
Гипсо-қатырма |
тСО 2 /тонна |
0,164 |
34. |
Әк |
тСО 2 /тонна |
1,112 |
35. |
Силикат кірпіш |
тСО 2 /тонна |
0,074 |
36. |
Керамзит |
тСО 2 /тонна |
0,211 |
37. |
Глинозем |
тСО 2 /тонна |
2,225 |
38. |
Тазартылған қорғасын |
тСО 2 /тонна |
2,913 |
39. |
Қорғасын қоқымы |
тСО 2 /тонна |
0,142 |
40. |
Мырыш күйігі |
тСО 2 /тонна |
0,004 |
41. |
Алтын қоспасы бар кен |
тСО 2 /тонна |
0,0000032 |
42. |
Металлургиялық кремний |
тСО 2 /тонна |
5,689 |
43. |
Этил спирті |
тСО 2 /тонна |
10,122 |
44. |
Хром жентегі |
тСО 2 /тонна |
0,137 |
45. |
Құбыр |
тСО 2 /тонна |
0,486 |
46. |
Сұйық металл |
тСО 2 /тонна |
0,033 |
47. |
Ыстық жаймаланған болат илемдеу |
тСО 2 /тонна |
0,146 |
48. |
Арматура илемдеу |
тСО 2 /тонна |
0,159 |
49. |
Болат шарлар |
тСО 2 /тонна |
0,142 |
50. |
Теміркенді жентек |
тСО 2 /тонна |
0,039 |
51. |
Көмір (өндіру) |
тСО 2 /тонна |
0,062 |
52. |
Байытылған көмір |
тСО 2 /тонна |
0,018 |
*мұнай өңдеудің жанама өнімдері