Близость слов: Окончание:





Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 тамызда № 23880 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а.  А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 4 тамыздағы № 289
​бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі
1. «Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген).
2. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 148-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7688 болып тіркелген).
3. «Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық активтерді мемлекеттік тіркеу есебінің тізілімінде № 7689 болып тіркелген).
4. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703 болып тіркелген).
5. «Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7730 болып тіркелген).
6. «Сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 157-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729 болып тіркелген).
7. «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7905 болып тіркелген).
8. «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген).
9. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 10166 болып тіркелді).
10. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10447 болып тіркелген).
11. «Шығарындылардың белгіленген мөлшері бөліктерін, азайту бірліктерін, шығарындылардың сертификатталған азайту бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да туынды бірліктерді құру және айналымы қағидалары» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10449 болып тіркелген).
12. «Мемлекеттік реттеу объектілері болып табылатын парниктік газдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 177 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10682 болып тіркелген).
13. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 214 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11090 болып тіркелген).
14. «Парниктік газдарды түгендеу мониторингі мен оны бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10850 болып тіркелген).
15. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11067 болып тіркелген).
16. «Қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 340 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11309 болып тіркелген).
17. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген).
18. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 565 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12326 болып тіркелген).
19. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 692 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12850 болып тіркелген).
20. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 693 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12877 болып тіркелген).
21. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13112 болып тіркелген).
22. «Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13827 болып тіркелген).
23. «Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13868 болып тіркелген).
24. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13878 болып тіркелген).
25. «Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 245 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13945 болып тіркелген).
26. «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 251 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14059 болып тіркелген).
27. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14012 болып тіркелген).
28. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14511 болып тіркелген).
29. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 491 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14516 болып тіркелген).
30. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 қарашадағы № 496 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14537 болып тіркелген).
31. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 570 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14750 болып тіркелген).
32. «Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15396 болып тіркелген).
33. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 3 тамыздағы № 301 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17352 болып тіркелген).
34. «Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін, оның ішінде атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 22068 болып тіркелді).
35. «Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 22071 болып тіркелді).
Полная версия
ИС BestProfi