1. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған):
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
"Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13112 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік субъектілері үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанында:
«Қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасының міндетін атқарушы _____________ Б. Иманәлиев 2016 жылғы 19 қаңтар
Полная версия