Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7730 тіркелді       
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 17.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
 бұйрығына 1-қосымша
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары
1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (14.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;
2) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе)парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтужөніндегі ішкі жоба (бұдан әрі – ішкі жоба) - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі негізінде жүзеге асырылатын және базалық сценарийде сәйкестендірілген жағдайларды өзгертетін қызметтер немесе қызмет түрлері.
3. Ішкі жобаларды әзірлеуді жобаның өтініш берушісі жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (14.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі
4. Ішкі жобаларды әзірлеу келесі міндеттердің іске асырылуын қарастырады:
1) жобаны жоспарлау және жоба тұжырымдамасын дайындау (жобалық идеялар);
Полная версия
ИС BestProfi