Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11067 тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделуде ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы 05.11.2016 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰИЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 285 бұйрығымен
бекітілген
Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары
1. Осы Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
1) озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру - озонды бұзатын заттардың (бұдан әрі - ОБЗ) сипаттамаларын техникалық нормалау және стандарттау саласындағы техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу мақсатында ОБЗ сүзу, кептіру, дистилляциялау, химиялық өңдеу;
2) ОБЗ пайдалану - оны жөндеуге техникалық сипаттамаларға сәйкес қажет ОБЗ болған жағдайда пайдалану, техникалық қызмет көрсету үшін, сондай-ақ көбіктендіргіштер, тазалағыш еріткіштер, стерилизатор ретінде, зертханалық зерттеулер, зарарсыздандыру және карантинге жатқызылған объектілерді, оның ішінде карантинге жатқызылған өнімді тазарту үшін ОБЗ техникалық құрылғыларында, көлік құралдарында, тоңазытатын қондырғыларында, кондиционерлеу жүйесінде, жүйелерде, қондырғыларда, өрт сөндіру құралдарында, басқа құралдар мен техникалық құралдарында қолдану;
3) ОБЗ жою - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиян әсер етпейтін компоненттерге оларды трансформациялау немесе ыдырату арқылы жою;
4) ОБЗ-мен жұмыс істеу - ОБЗ жинау, сақтау, пайдалану, рециркуляциялау (рециклинг), қалпына келтіру, залалсыздандыру, қайта пайдалану, әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау, сондай-ақ құрамында ОБЗ бар өнімдерді әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау; 
5) ОБЗ тұтыну көлемі - белгілі бір кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс әкетілген ОБЗ алып тастап, Қазақстан Республикасы аумағына тұрақты орналастыру үшін оның аумағына кіргізілген ОБЗ жалпы мөлшері; 
6) ОБЗ рекуперациялау - техникалық қызмет жасау немесе ОБЗ пайдаланудан шығару алдында машиналар мен қондырғыларда, олардың құрамдас бөліктерінде, контейнерлерде қамтылған ОБЗ алып тастау, жинау және сақтау;
7) ретрофит - тоңазытқыш жүйелерде ОБЗ озон қауіпсіз заттарға алмастыру; 
8) ОБЗ рециркуляциялау (рециклинг) - ОБЗ қайта пайдалану мақсатында ОБЗ бар техникалық құрылғылар мен құралдарды техникалық қызмет жасау, жөндеу орындарында жүзеге асырылатын ОБЗ алғашқы тазалау;
9) ОБЗ кәдеге жарату - ОБЗ болып табылмайтын басқа химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде ОБЗ қолдану.
3. Осы Қағидалар құрамында ОБЗ бар өнім, жабдық және қалдықтар меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бар, сондай-ақ ОБЗ өндірумен, ОБЗ әкелумен және әкетумен, ОБЗ пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.11.2016 жылғы № 491 Бұйрығына сәйкес (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.
2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібі
         4. ОБЗ тұтынуды есепке алу тура және жанама көрсеткіштерді ескере отырып, құрамында ОБЗ бар қалдықтар, өнімдер мен жабдықтарды сәйкестендіру негізінде жүргізіледі:
1) тура көрсеткіштерге ОБЗ бар болуына, сондай-ақ ОБЗ құрамының химиялық-талдамалық анықтамасының нәтижелері тікелей көрсетілетін жабдықтар мен техникалық құжаттардағы зауыттық бейнелер жатады;
2)  жанама көрсеткіштерге жабдықтардың диагностикалық белгілері (конструкциялық ерекшеліктердің ұқсастығы, шығару жылы, өндіруші-зауыты және басқа) жатады. 
5. Өнеркәсіптік тоңазытқыштарға, кондиционерлерге және өрт сөндіру қауіпсіздігі жүйесінде зауыттық белгілер, техникалық құжаттамалар болмаған жағдайда, олар құрамында ОБЗ бар ретінде қарастырылады.
6. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды тиімді есепке алуды қамтамасыз ету үшін таңба қою жүзеге асырылады:
1) құрамында ОБЗ бар баллондар (зауыт жеткізілімі), сондай-ақ кез келген ОБЗ бар сауыттар;
2) ОБЗ құйлысы үшін арналған және ОБЗ құйлысы бар баллондар;
7) құрамында ОБЗ бар қалдықтарды уақытша сақтайтын орындар (алаңдар).
7. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады.
8. Пайдаланып жатқан (резервтегі) және пайдаланудан шығарылған (онда ОБЗ-ның қалдық саны бар болған жағдайда) құрамында ОБЗ бар өнімдер, жабдықтар және қалдықтар есепке алынады.
9. ОБЗ жойылған жабдықтар құрамында ОБЗ бар жабдықтарды пайдаланудан шығару және есептен шығару актісі бар болған жағдайда есепке алынбайды.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.11.2016 жылғы № 491 Бұйрығымен (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мыналарды:
1) ОБЗ-ны пайдалануды азайту және оларды пайдалануды толық азайтуға қажетті шараларды қабылдауды;
2) құрамында ОБЗ бар жабдықтарға қызмет көрсеткенде, жөндегенде, залалсыздандырғанда жиналған және өзінің пайдалану қасиетін жоғалтқан, не еріткіштердің құрамындағы ОБЗ қоса алғанда, ретрофитті өткізгенде ОБЗ жинау, рециклинг, залалсыздандыру іс-шараларын әзірлеуді және орындауды;
3) ОБЗ-ны және құрамында ОБЗ бар жабдықтарды, қалдықтарды анықтау және сауыттарын таңбалауды қамтамасыз етуді;
4) ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Озонды бұзатын заттарды
тұтынуды есепке алу
қағидаларына қосымша

С**тізімі

КО СЭҚ ТН коды
 

I топ

1

СНFС1 2

(ГХФУ-21)

Фтордихлорметан

2903 79 110 0 ден

2

СНF 2 С1

(ГХФУ-22)

Дифторхлорметан

2903 71 000 0 ден

3

СН 2 FС1

(ГХФУ-31)

Фторхлорметан

2903 79 110 0 ден

4

С 2 НFС14

(ГХФУ-121)

Фтортетрахлорэтан

2903 79 110 0 ден

5

С 2 НF 2 С1 3

(ГХФУ-122)

Дифтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

6

С 2 НF 3 С1 2

(ГХФУ-123а)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

7

СНС1 2 СF 3

(ГХФУ-123)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

8

С 2 НF 4 С1

(ГХФУ-124а)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

9

СНFСІСF 3

(ГХФУ-124)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

10

С 2 Н 2 FС1 3

(ГХФУ-131)

Фтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

11

С 2 Н 2 F 2 С

(ГХФУ-132)

Дифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

12

С 2 Н 2 F 3 С1

(ГХФУ-133)

Трифторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

13

С 2 Н 3 FС1 2

(ГХФУ-141)

1-фтор-2,2-дихлорэтан

2903 73 110 0 ден

14

СН 3 СFС1 2

(ГХФУ-141b)

1,1,1,-фтордихлорэтан

2903 73 110 0 ден

15

С 2 Н 3 F 2 С1

(ГХФУ-142)

1 1-хлор, 2,2-дихлорэтан

2903 74 110 0 ден

16

СН 3 СF 2 C1

(ГХФУ-142b)

1,1,1-дифторхлорэтан

2903 74 110 0 ден

17

С 2 Н 4 FС1

(ГХФУ-221)

Фторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

18

С 3 НFС1 6

(ГХФУ-221)

Фторгексахлорпропан

2903 79 110 0 ден

19

С 3 НF 2 С1 5

(ГХФУ-222)

Дифторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

20

С 3 НF 3 С1 4

(ГХФУ-223)

Трифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

21

С 3 НF 4 С1 3

(ГХФУ-224)

Тетрафтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

22

С 3 НF 5 С1 2

(ГХФУ-225)

Пентафтордихлорпропан

2903 75 000 0 ден

23

СF 3 СFСНС1 2

(ГХФУ-225са)

1-трифтор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

24

СF 2 С1СFСНСІF

(ГХФУ-225tb)

1,1-дифторхлор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

25

С 3 НF 6 С1

(ГХФУ-226)

Гексафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

26

С 3 Н 2 FС1 5

(ГХФУ-231)

Фторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

27

С 3 Н 2 F 2 С

(ГХФУ-232)

Дифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

28

С 3 Н 2 F 3 С

(ГХФУ-233)

Трифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

29

С 3 Н 2 F 4 С 2

(ГХФУ-234)

Тетрафтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

30

С 3 Н 2 F 5 С1

(ГХФУ-235)

Пентафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

31

С 3 Н 3 FС1 4

(ГХФУ-241)

Фтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

32

С 3 Н 3 F 2 С

(ГХФУ-242)

Дифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

33

С 3 Н 3 F 3 С

(ГХФУ-243)

Трифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

34

С 3 Н 3 F 4 С1

(ГХФУ-244)

Тетрафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

35

С 3 Н 4 FСІ 3

(ГХФУ-251)

Фтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

36

С 3 Н 4 F 2 С

(ГХФУ-252)

Дифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

37

С 3 Н 4 F 3 С1

(ГХФУ-253)

Трифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

38

С 3 Н 5 FС1 2

(ГХФУ-262)

Фтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

39

С 3 Н 5 F 2 Сl

(ГХФУ-262)

Дифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

40

С 3 Н 6 FC1

(ГХФУ-271)

Фторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

* Қолдану мақсаты үшін осы тізбені ТН ВЭД ТС коды ретінде, сонымен қатар тауардың (физикалық және химиялық сипаттамаларымен) атауы ретінде де басшылыққа алу қажет.
Полная версия
ИС BestProfi