Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2021
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7689 тіркелді       
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 17.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-10-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қоршаған ортаны қорғау министрінің
 2012 жылғы 11 мамырдағы № 150-ө
 бұйрығымен бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 жылғы № 496 Бұйрығына сәйкес (11.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарау және мақұлдау, есепке алу, есептілік пен мониторингті дайындау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) шағын масштабты жоба – 15 мегаваттқа дейін қуатты энергия көздерінің жаңарылуымен байланысты немесе жылына шартты отынның 7380 тоннасына дейінгі көлемде энергияның тұтылуын төмендетумен энергия тиімділігін жақсартуға немесе жобалық кезең ішінде көміртегінің қос тотығы 60 метрикалық килотонна эквивалентіне дейінгі шекте парниктік газдар шығарындыларын азайту мүмкіндігін беруге бағытталған жоба;
2) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;
3) жобаның өтініш берушісі - жобаны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жобаның типі - кәдімгі жоба, аз ауқымды жоба, байланысқан жоба, жерді пайдалануды өзгертуге немесе орманды өңірін көбейтуге қатысты жоба;
5) жобалық кезең –жоба нәтижелерін мерзімді растау және бекіту негізінде көміртегі бірліктерінің жобалық шығарылымы жүргізілетін мерзім;
6) ағып кету - жоба қызметімен негізделген, бірақ оның шегіне енгізілмеген жобаны іске асыру орнынан тыс парниктік газдар шығарындыларына және сіңірулеріне әсер етуі;
7) маңыздылық деңгейі - парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаны іске асырудың верификация есебі туралы қорытындыны дайындау үшін қолданылатын бастапқы сандық мағына;
8) мониторинг - парниктік газдар шығарындыларын және сіңірулерін немесе парниктік газдар шығарындыларын немесе/және сіңірулермен байланысты ілеспе деректерді ішкі жобалар бойынша өткізілетін үздіксіз немесе кезеңдік бағалау;
Полная версия
ИС BestProfi