Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2020
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15448 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.01.2020 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес 
1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11411 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ___________ Д. Абаев
 2017 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрі __________
Т. Сүлейменов
 2017 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 126 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 4-1/398 бұйрығымен
бекітілген
«Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Полная версия
ИС BestProfi