Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 19974 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбенің 2020 жылғы 6 мамырға дейін қолданылатын 6-тармағын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұрықтарының тізбесі
1. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11176 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11411 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 462 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14508 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15448 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. «Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 163 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15299 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6-тармағы осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 6 мамырға дейін қолданылады 
6. «Сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 431 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17780 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18064 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi