Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 тамызда № 15418 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 21 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 07.04.2025 жылғы № 145-НҚ Бұйрығына сәйкес
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2022 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (23.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру, мамандандырылған бағдарламалар,техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3) әдістемелік кабинет – мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының білім беру үрдісінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
4) білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары – білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;
5) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
6) оқу-әдістемелік бірлестіктер – әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2022 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (23.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) оқу-әдістемелік жұмыс – үздіксіз білім беру жүйесінің дамуы мен қызмет етуін жетілдіруге бағытталған, педагогикалық тәжірибенің озық нәтижесі ғылым жетістіктеріне негізделген қызмет түрі.
3. Мәдениет саласындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5036 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17657 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28916 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 болып тіркелген), сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.09.2019 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (01.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2022 жылғы № 395 Бұйрығына сәйкес (23.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) оқушылардың тәрбиесіне, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған әртүрлі әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар түрлерін дайындау және өткізу, талдау және мониторинг жасау;
3) мәдениет саласындағы білім беру мекемелері қызметкерлерінің теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге, жаңартуға бағытталған, дарынды балалар мен жастарды қолдау және дамуына, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне, білім беру мекемелері қызметі тәжірибесінің нәтижесінде, көркем өнердің дамуы мен сақталуындағы тұрақталған тәртіппен кеңестерді, семинарларды, конференцияларды, педагогтік оқулар, мамандардың мастер-кластарын, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, қалалық, республикалық және халықаралық сайыстар, фестивалдар, конференциялар, концерттер, көрмелер, жарыстар, олимпиадалар, көрсетілімдер, спартакиадалар, т.б. іс-шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
6) білім беру бағдарламаларының даму жоспарын қалыптастыру және қайта қарау және оның іске асырылуына тұрақты мониторинг жасау, оқу мақсатына қол жеткізуді, білім алушылардың, жұмыс берушілердің және қоғамның сұранысына сәйкестігін бағалау тетігін қалыптастыру;
7) білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру үрдісінде жұмыс берушілермен,түлектермен және өзге де мүдделі тұлғалармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
9) профессорлық-оқытушылық құрамынан, қызметкерлерден, білім алушылардан, жұмыс берушілер және өзге де мүдделі тұлғалардан сұхбат алу, сауалнама алу арқылы кері байланыс орнату жолымен оқыту нәтижесін жүйелі талдау, сондай-ақ кәсіптік стандарттар негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру;
11) оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу.
2) оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік материалдарды басып шығарудың, олардың авторларын таңдаудың перспективті жоспарларын жасауға оқу үрдісін ұйымдастырудың, жаңа ұрпаққа арналған бағдарламалық және оқу-әдістемелік, соның ішінде, мультимедиялық жаңа түрлерін әзірлейді, сынақтан өткізеді, енгізеді және әзірлеуге қатысады;
3) педагогикалық іс-тәжірибелердің нәтижелі таралу мақсатында педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметтеріне талдау жасауды, оқу жоспарымен және білімділік бағдарламаларымен анықталатын оқытушылардың іс-тәжірибелерін, стажировкаларын уақытылы және көлемді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
6. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібі және қызметі, құрамы мен өкілеттілігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5090 болып тіркелген «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен анықталады.
7. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру, мамандандырылған бағдарламалар,техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында пәндік-циклдік немесе әдістемелік комиссиялар әдістемелік комиссиялар мамандық бойынша кәсіптік білім беру шеберлерін қосқанда, арнайы, жалпы кәсіптік, жалпы білім беретін пәндер бойынша үш оқытушы болған жағдайда құрылады.
Жоғары білім беру ұйымдарында кафедралар кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша төрт оқытушы болған жағдайда құрылады.
Пәндік-циклдік немесе әдістемелік комиссияны құру үшін оқытушылар саны жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының басшылығы басқа білім беру ұйымдарынан тиісті пәндердің (мамандықтары, кәсібі) педагогикалық қызметкерлерін тартады.
8. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру, мамандандырылған бағдарламалар,техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға басшылықты өндірістік оқытудың шеберлері мен аса тәжірибелі оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар, мәдениет саласындағы жоғары білім беру ұйымдарында ұйымдарда - кафедра меңгерушілері жүзеге асырады. Кафедралардың, пәндік-циклдік немесе әдістемелік комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердің ғылыми және педагогикалық қызметкерлері, кәсіпорындардың мамандары тартылады.
9. Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, факультеттердің, бөлімдердің) тиісті әдістемелік комиссияларында, кафедраларда, кеңестерде, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде қаралатын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындыны алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
10. Оқу жұмыс бағдарламасын және сабақ жоспарларын оқытушылар типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірлейді, ол білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және білім беру ұйымы басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.
11. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды білім беру ұйымдарының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияның, кафедраның, оқу орындарының, құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінде қаралып, оң пікірлер берілген соң, оқу орны басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.