Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2021
«Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 15395 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.04.2021 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 19.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
 ______________ Д. Абаев
 2017 жылғы «___» __________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
 2017 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 161 бұйрығымен бекітілген
«Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (24.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (24.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш беруші жүгінген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі - көлік құралына халықаралық
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш ұсынылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетіледі, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысы туралы лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы ұсынылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушімен шағымды өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында, Көлік комитеті бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы ала алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Министрліктің мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына (www.miid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы» парағы).
Осы Стандарт 17-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Көлік құралына халықаралық
 қатынаста қауіпті жүктерді 
тасымалдауға рұқсат беру
 туралы куәлік беру»
​ мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.11.2019 жылғы № 860 Бұйрығына сәйкес (05.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 _______________________________________________________________________ 
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш _______________________________________________________________________ 
(тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
_______________________________________________________________________ 
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, Біріккен Ұлттар Ұйымының нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) көлік құралына кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды. Тасымалдау _______________________________________________________ _______________________________________ көлік құралымен жүзеге асырылады. (көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық қарап тексеруден өту күні, автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі) Қосымша хабарлаймын:
_____________________________________________ 
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы) Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. 20___ж. «_____» ___________
Полная версия
ИС BestProfi