Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 270 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 тамызда № 15573 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Осы бұйрыққа 1-540-қосымшаларға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 2, 4, 5, 19, 23, 24, 26, 28, 50, 56, 65, 83, 92, 105, 116, 118, 148, 149, 150, 154, 157, 187, 189, 229, 243, 246, 329, 425, 426, 440, 511, 523, 526, 527, 530, 531, 534-қосымшалар осы бұйрыққа 1-37-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 38-43-қосымшаларға сәйкес 535-540-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
 __________А. Мырзахметов
 2017 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
 __________С. Жасұзақов
 2017 жылғы «___»___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
 __________А. Мұхамедиұлы
 2017 жылғы «___»___________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
 2017 жылғы «___» __________
 № _____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі
міндетін атқарушының
2013 жылғы 16 тамыздағы
№ 343 бұйрығына 2-қосымша
Жоғары білім беру мамандығы бойынша ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі мамандығы
Полная версия
ИС BestProfi