Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 2015 жылғы 23 сәуірдегі
 № 147 бұйрығына
 1-қосымша
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 26.07.2017 жылғы № 113 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
="red">Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қоғамдық даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 01-01/117 Бұйрығына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдаған күн Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда –20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 16.04.2018 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi