Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15640 болып тіркелді
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізуге жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (25.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 жылғы № 678 бұйрығына сәйкес (10.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жанынан құрылатын, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық органдар болып табылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (25.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй комиссиясының төрағасынан, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасарынан, тұрғын үй комиссиясының мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы мүше болып табылмайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (25.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін қызмет басшысы болып табылады.
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 31.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.09.2025 жылғы № 678 бұйрығына сәйкес (10.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
8. Хатшы мемлекеттік мекеме құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілері (азаматтық персонал адамдары) қатарынан тағайындалып, тұрғын үй комиссиясының қарауына арналған мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді.
9. Тұрғын үй комиссиясы мынадай мәселелерді қарайды:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 жылғы № 829 Бұйрығына сәйкес (10.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәселелерді қарауды:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында;
11. Тұрғын үй комиссиясы айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Егер тұрғын үй комиссиясының отырысына тұрғын комиссиясының мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
13. Тұрғын үй комиссиясының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыс саны тең болған жағдайда тұрғын үй комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.