Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2022
«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2022 жылғы № 482 Қаулыcына сәйкес 
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2019 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 22 тамыздағы
№ 498 қаулысымен
бекітілген
 «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама

Атауы

«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы ;

 

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы ;

 

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы ;

 

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығы ;

 

«Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы ;

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы ;

 

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы .

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Мақсаты

Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тарту

Міндеттері

Бірінші бағыт. Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту:

1. Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау

2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру

3. Сауда логистикасын жақсарту және шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндіру-өткізу байланыстарын дамыту

 

Екінші бағыт. Тиімді операциялық шараларды іске асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу:

4. Инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау бойынша институционалдық тетіктерді жетілдіру

5. Инвестицияларды тартудың және ұстап қалудың алдын ала белсенді тәсілдерін қалыптастыру

 

Үшінші бағыт. Жекешелендіру жоспары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің шетелдік инвестицияларды тарту басымдықтарымен сәйкестігі:

6. Жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлардың қатысуын қамтамасыз ету.

7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестицияларды тарту

Іске асыру мерзімі

2018 - 2022 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2022 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі - ТШИ) жалпы ағыны 1,26 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда);

2. ТШИ-дің жалпы көлемінің жалпы ішкі өнімге арақатынасы;

3. ТШИ-дің өңдеу өнеркәсібіне ағыны 1,5 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда);

4. Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына жасалатын инвестициялардың көлемі 1,46 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда);

5. Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына жасалатын сыртқы инвестициялардың көлемі 1,5 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда).

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне көзделген қаражат есебінен және соның шегінде

«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мен жаңғырту мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге арналған бағдарлама инвестицияларды арттыру мен әртараптандыруға бағытталған елдің инвестициялық пайымын қалыптастырады. Тиімділікті көп мөлшерде арттыруға бағытталған инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін елдің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігін арттыру Бағдарламаға негіз болды.
Бұл Бағдарлама әлемдік экономика жаһандық қаржы дағдарысынан енді-елді оңала бастаған кезде іске асырылмақшы. Тауар нарығындағы әлемдік бағалардың түсуі жекелеген кәсіпорындардың қаржы-экономикалық күйі үшін де, біріктірілген макрокөрсеткіштер үшін де жағдайды қиындатты.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы елдің бай табиғи ресурстарына қол жеткізуге бағытталған инвестициялар үшін тартымды жер болып қала береді.Бұған қоса елде Қазақстан Республикасының өсіп келе жатқан ішкі нарығына қызығушылық танытатын инвесторларды тартуды жалғастырылып отыр.
Қазақстан Республикасын дамыту мақсаттарына қол жеткізудегі, экономиканы әртараптандыру деңгейін арттырудағы, өнімділікті, экспортты өсірудегі және жұмыс орындарын ашудағы инвестициялардың маңыздылығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірқатар құжаттарында (Қазақстан 2050, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Жаңғырту 3.0.») атап өтілген.
Полная версия
ИС BestProfi