Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2021
«Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15660 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 01.07.2021 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес 
1. «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10887 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
 _________________ Қ. Айтуғанов
2017 жылғы 7 август
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
 __________________ Е. Біртанов
2017 жылғы 8 августа
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 276 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
1. Қоныстану аумақтары жерінің ластануын бағалау критерийлері

Көрсеткіштер

Экологиялық

апат

Төтенше экологиялық

жағдай

Салыстырмалы

орташа жағдай

Негізгі көрсеткіштер

Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ)

0,57-ден астам

0,57-0,11

кемінде 0,11

*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер, кБк/м2


 


 


 

цезий-137

400-ден астам

400-75

кемінде 75

стронций-90

630-дан астам

630-120

кемінде 120

плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы)

2080-нен астам

2080-410

кемінде 410

америций-241

2500-ден астам

2500-490

кемінде 490

Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі – Zс)

128-ден астам

128-32

кемінде 32

Қосымша көрсеткіштер

1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері

100-ден астам

100-10

кемінде 10

1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны

106-дан астам

106-105

кемінде 105

**Коли-титр

кемінде 0,001

0,01-0,001

0,01-ден астам

* Алаңдық белсенділіктен үлестіге ауысу үшін мына параметрлер қолданылады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3)
Полная версия
ИС BestProfi