Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2019
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15674 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12480 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 244 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13906 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 11 августағы
299 № бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 жылғы № 148 Бұйрығына сәйкес (11.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi