Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2017
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 244 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 шілдеде № 13906 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.08.2017 жылғы № 299 Бұйрығына сәйкес
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12480 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына, «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 cәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанында:
«Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,
1) «Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі»:
 _____________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
       атынан ______________________________________________ негізінде
 әрекет ететін __________________________________________________ және
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан
 ____________________________ негізінде әрекет ететін ________________
 _____________________________________________________________________
«Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама); 
Полная версия
ИС BestProfi