«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-2-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 тамызда № 15596 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.08.2022 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 07.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мына қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың омырауға тағатын белгісінің;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирінің үлгілері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республика Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығымен (27.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (14.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісі
Ескертпе.
1. Үлгіге сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің мұқабасы (бұдан әрі - қызметтік куәлік) көк түсті болады. Қызметтік куәлік ашық түрде тігінен 65 миллиметр және көлденеңінен 198 миллиметр өлшемінде болады.
2. Қызметтік куәліктың бет жағында ортада Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес жасалған алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті орналасқан және төменірек қазақ тілінде баспаханалық қарпімен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ» деген жазба орындалған.
3. Қызметтік куәліктің ішкі бөлігінің сол және оң жақтарында ақ түс аясында күннің жасырын формасын қолданумен көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген.
4. Қызметтік куәліктің сол және оң жақтарының үстіңгі жағында сәйкесінше мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің немесе аумақтық бөлімшесінің толық атауы орналасқан.
4-тармақ өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.08.2022 жылғы № 31 Бұйрығымен (21.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 19.12.2022 жылғы № 311 Бұйрығымен (17.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қызметтік куәліктің сол жағының ортасында қара түсте қазақ тілінде «№ 00-00 ҚЫЗМЕТТІК КУӘЛІК» жазуы орналасқан. Оның астында қара түсте қазақ тілде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың (бұдан әрі - инспектор) тегі, аты мен әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жағында 3x4 сантиметр көлемінде инспектордың түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Инспектор ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі. Фотосуреттің оң жағында «ҚР ТЖМ» бейнелемесі бар арнайы голограмма және «М.О.» әріптері орналастырылады. Голограмма 13х11 мм түпнұсқа форматында. Голограмманың артикулы S74. Төмеңгі жағында қазақ тілінде «Мекеме басшысы» және сызықтың астында «аты-жөні, тегі» жазулары орналастырылған.
Қызметтік куәліктің оң жағының ортасында қара түсте орыс тілінде «СЛУЖЕБНОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ № 00-00» жазуы орналасқан. Оның астында қара түсте орыс тілінде инспектордың тегі, аты мен әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес орындалған алтын түсте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті орналасқан және төменірек қазақ тілде баспаханалық қарпімен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазба жазылған.
Төменгі жағында «Дата выдачи» және «Действителен до» көрсетіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерін беру кезінде куәлік нөмірі ұсынылатын шифрлар ескеріле отырып қалыптастырылады, атап айтқанда, № 00-00, ондағы алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі, одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктер, төсбелгілер, мөртабандар және пломбирлер беру журналына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор куәлігінің реттік нөмірі.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің шифрлары:
00 – ведомства (Комитет);
01 – Астана қаласы;
02 – Алматы қаласы;
03 – Шымкент қаласы;
04 – Абай облысы;
05 – Алматы облысы;
06 – Ақмола облысы;
07 – Ақтөбе облысы;
08 – Атырау облысы;
09 – Батыс Қазақстан облысы;
10 – Жамбыл облысы;
11 – Жетісу облысы;
12 – Карағанды облысы;
13 – Қостанай облысы;
14 – Қызылорда облысы;
15 – Маңғыстау облысы;
16 – Павлодар облысы;
17 – Солтүстік Қазақстан облысы;
18 – Түркістан облысы;
19 – Ұлытау облысы;
20 – Шығыс Қазақстан облысы.
Куәлікте қызметкердің лауазымы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ведомствосы, аумақтық бөлімшелері құрылымына сәйкес көрсетіледі, сызықша арқылы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағына сәйкес өнеркәсіптік кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың мәртебесі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (14.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың төс белгісінің үлгісі
Ескертпе.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың төсбелгісі сары түсті металдан (анодталған алюминий) жасалады, биіктігі 75 миллиметр және ені 55 миллиметр лотос пішінінде болады.
Төсбелгінің жиектері сары түсті.
Орталық бөлігі көк түсті эмаль құймамен (1404) орындалған.
Төсбелгінің бет жағының ортасындағы жапсырмада биіктігі 37 мм және периметрі сары түсті жолақпен жиектелген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің елтаңбасы бейнеленген. Жапсырма сары түсті металдан (анодтанған алюминий) жасалады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі елтаңбасының суретінде эмальдардың түсі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес орындалады (қызыл 7581, көгілдір G 1806, қызғылт-сары 46220, көк G 1916).
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚАДАҒАЛАУ ИНСПЕКТОРЫ» жазуының төменгі жағында балға мен штангенциркуль бейнесі - сары түсті.
Төсбелгінің төменгі бөлігінде дөңгелек лента формадағы сары түсті жолақта қара түсті эмалімен реттік нөмірі жазылғаны бар, атап айтқанда: 00-00, ондағы алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі; одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбирлерді беру журналына сәйкес реттік нөмірі, қара түсті.
Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар бедерлі, әріптер мен фоны жылтыр.
Төсбелгінің кері жағында винт пен гайкасы түрінде бекіткіші бар.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (14.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлік мөртабанының үлгісі
Ескертпе.
1. Инспектордың штампы қол аспабы секілді оқиғаларды бекіту функцияларын орындау үшін, бояуды қағаз тасығыштарға аудару түрінде –өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор (одан әрі-инспектор) - мөртаңбасының иелік қол қоюын растау ретінде қолданылады.
2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген мөртабанның түрі үшін әртүрлі материалдарға мөр бедерді қолдану немесе бояуды аудару түрінен тәуелсіз мынадай талаптар белгіленеді.
Инспектордың мөртабаны өзінен микролифтпен жабдықталған цилиндрлік пішіндегі автоматикалық жабдығы болып көрінеді. Онда мөртабан орналасқан. Нөмірлік мөртабанның өрнегін бояумен (мастикамен) сулау үшін мөрқалып «төсеніші» мөртабан корпусының ішкі бөлігінде орналасқан. Жиынтықта корпусты бүктелген түрде бұғаттайтын астыңғы қақпағы бар.
Мөртабан силикон ендірмеден төменгі көрсетілген нөмірлік мөртабан өрнегінің болуымен цилиндрлік (кіші) корпусының сыртқы шеті әдіптелген қырынан шығуы 2,5 миллиметрден артық емес болып орналасқан.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың нөмірлі мөртабаны дөңгелек пішінді, диаметрі - 40 миллиметр.
Дөңгелек контурының ішкі жағында мыналар көрсетіледі:
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазым атауы және ведомствоның немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіпік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі аббревиатурасы.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (14.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирінің үлгісі
Ескертпе.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың пломбирі дөңгелек пішінді, диаметрі - 10 миллиметр.
Пломбиратордың пломбирлік плашкасының бір жақ бетінде мынадай мөр бедері қалады (1-сурет):
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ведомствосы немесе аумақтық бөлімшесі аббревиатурасының жазуы, мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың аумақтық тиесілілігі көрсетілуі тиіс.
Пломбиратордың пломбирлік плашканың екінші жақ бетінде мынадай мөр бедері қалады (2-сурет):
ведомство аббревиатурасының жазуы «ҚР ТЖМ».
Екі пломбиратордың пломбирлік плашкасы пломбада дөңес типтегі мөр бедерін қалдырады.
2. № 00-00 белгілері көмегімен инспектордың аумақтық және жеке тиесілігі айқындалады.
Пломбир нөмірі 00-00, мұнда алғашқы екі 00 саны - аумақтық бөлімшенің шифрі, одан кейінгі екі 00 саны - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төсбелгілерді, мөртабандарды және пломбирлерді беру журналына сәйкес реттік нөмірі.
Полная версия