Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 512 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15776 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның сенімхат арқылы өкілі) жүгінуі кезінде мемлекеттiк қызметті көрсету үшін қажеттi құжаттардың тiзбесi:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін;
экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген, өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растау хаты ұсынылады;
оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты;
егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті беруші атына жіберілетін) жүк жөнелтушiнiң хаты;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдарды бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.
Осы стандарттың 9-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
осы стандарттың 9-тармағы 1) тармақшасының төртінші, тоғызыншы, оныншы абзацтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
осы стандарттың 9-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;
осы стандарттың 9-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растаушы хаты ұсынылады;
оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу анықталған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хатының электрондық көшірмесі;
егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті берушіге атына жіберілетін) жүк жөнелтушi хатының электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.
Осы стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде қоса ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:
осы стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасының үшінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
осы стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;
осы стандарттың 9-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегі көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтініштің қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 __________________ Д. Абаев
2017 жылғы 8 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 22 тамыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 512 бұйрығына
1-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан
__ өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

1. __________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы)

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

4. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті- кіру:

- шығу:

7. Көлiк түрi:

8. Келісімшарттың валютасы:

9. Өнімнің атауы:

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:

12. Өлшем бiрлiгi:

14. Өнімнің жалпы құны:

- төлем валютасымен: - теңгемен: - доллармен (USD):

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

13. Саны:

15. Сыртқы сауда келiсiмшарты, нөмірі және күнi:

16. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

17. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

18. Рұқсаттың ерекше шарттары:

19. Көрсетілетін қызметті алушы ________ ________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөрдің орны (болған жағдайда)

Толтыру күні: 20___ жылғы «___» _______________

20.Көрсетілетін қызметті беруші _________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Өтініш қарауға қабылданды 20___жылғы «____» _________________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 512 бұйрығына
2-қосымша
«Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы


 


 

2

Өлшем бірлігі


 


 

3

Саны


 


 

4

Қауіптілік сыныбы


 


 

5

БҰҰ коды


 


 

6

ҮЖН коды


 


 

7

ЕЭК СЭҚ ТН коды


 


 

8

Көрсетілетін қызметті алушы

толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

9

ҚР аумағы бойынша экспедитор

толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға арналған лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы


 

13

Көлік түрі

теміржол, автомобиль немесе су, немесе әуе

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі (1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде)

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде талап етілмейді

рұқсаттың көшірмесі қоса беріледі

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

куәліктің көшірмесі қоса беріледі

16

Жүк жөнелтуші толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 

17

Жүк алушытолық атауы, заңды мекенжайы, телефоны


 


 


 

Тасымалдау маршруты:


 


 

18

Жөнелтуші пунктінің атауы, елі


 


 

19

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

20

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты

темір жол көлігімен тасымалдау кезінде толтырылмайды

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде маршрут арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

21

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу пунктінің атауы


 


 

22

Межелі пунктінің атауы, елі


 


 

23

Тасымалдау мерзімікүні, айы, жылы - күні, айы, жылы


 

өтініштің 5-бағанына сәйкес

24

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді

25

Авариялық карточканың нөмірі

автомобиль көлігімен 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезде талап етілмейді

көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

26

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты

«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

 Көрсетілетін қызметті алушы ___________ __________________________________________ лауазымы, қолы (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Полная версия
ИС BestProfi