Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қазанда № 15863 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (21.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысымен (өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 10 Қаулысымен (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.06.2021 жылғы № 60 Қаулысымен (өзгерту 13.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (21.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (29.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 97 Қаулысына сәйкес (29.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерi туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы төлемдерінің және зейнетақы жинақтарының көлемі туралы есептің нысаны; 9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар, ақша және ақшалай қаражаттың баламалары туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес дефолтқа жол берген эмитенттердің зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес шартты зейнетақы міндеттемелерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есептің нысаны;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2023 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (21.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес экономика секторлары бойынша (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері бойынша) сыныпталған активтер мен міндеттемелер туралы есептің нысаны;