БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қазанда № 15913 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11696 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке нотариусты, жеке сот орындаушыны, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ҚКО) арқылы;»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚКО қызметкерлері қатысады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ҚКО) арқылы;»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚКО қызметкерлері қатысады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ҚКО) немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;»;
Полная версия