Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 685 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 357 Қаулысына сәйкес  
Редакция 18.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 30 қазандағы
№ 685 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
«1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар.»;
«2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;»;
Полная версия
ИС BestProfi