Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.02.2020
«Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 688 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.02.2020 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес      
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 688 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт.
Полная версия
ИС BestProfi