Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.05.2023 жылғы № 227 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 07.08.2018 жылғы № 727 Жарлығымен (13.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығымен (07.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 04.03.2020 жылғы № 278 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.10.2022 жылғы № 1029 Жарлығына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (03.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.05.2023 жылғы № 227 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы, ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2023 жылғы № 366 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Бас прокуратура Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдарының жүйесі) басшылықты жүзеге асырады, мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Бас прокуратура, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.
2. Бас прокуратураның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Активтерді қайтару жөніндегі комитет) болады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2023 жылғы № 366 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Бас прокуратура өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бас прокуратура мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері және ерекшелік белгілері, мөрлері, және қазақ тілінде және басқа да тілдерде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.