Близость слов: Окончание:





Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қыркүйекте № 15833 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-8), 27-9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұскаулығын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 08-1-1-1/236 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5775 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2009 жылы № 11 жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жариялағаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қ. ӘБДІРАХМАНОВ
Қазакстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 11-1-2/442 бұйрығымен бекітілді
Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары
1. Осы Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне, 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, консулдық мекемелерді тіркеудің, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелер қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеудің тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық ұйым ретінде 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 2-бабы 1-тармағының і) тармақшасына, 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйымдар білдіріледі.
2-Тарау. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанында тіркеу
3. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуге шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені ашу туралы нотасы (еркін түрде) негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келісілгеннен кейін дипломатиялық өкілдікке, халықаралық ұйымдарға және (немесе) оның өкілдігіне, консулдық мекемеге ҚР СІМ жанынан дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені нотада көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын нота жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi