Шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу және Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қыркүйекте № 15833 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2025 жылғы № 11-1- 4/255 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2025 жылғы № 11-1- 4/255 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу және Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2025 жылғы № 11-1- 4/255 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3. «Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұскаулығын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 08-1-1-1/236 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5775 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2009 жылы № 11 жарияланған).
Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық әрі оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдар мен (немесе) олардың өкілдіктерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу және де дипломатиялық әрі оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдар мен (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 29.04.2025 жылғы № 11-1- 4/255 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық әрі оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдар мен (немесе) олардың өкілдіктерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу және де дипломатиялық әрі оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдар мен (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңының 6-бабының 27-8) тармақшасы негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасында шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін (бұдан әрі – өкілдіктер), шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін (бұдан әрі – консулдық мекемелер) тіркеу тәртібін, сондай-ақ өкілдіктердің басшыларын, қызметкерлерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін аккредиттеу тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық ұйым деп 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 2-бабы 1-тармағының і) тармақшасына, 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйымдар ұғынылады.
3. Қазақстан Республикасындағы өкілдіктер мен консулдық мекемелерді тіркеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүзеге асырады.