Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 658 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қарашада № 16017 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 жылғы № 915 Бұйрығына сәйкес 
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 10 қарашадағы
№ 658 бұйрығына қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9920 тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 477 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарында:
«7. ІБЕ АҚ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес бағдарламаларды қамтиды.»;
Полная версия
ИС BestProfi